Уэльстің Лландидно қаласын кашмир тұқымдас тау ешкілері "жаулап алды".
Аталған қала карантинде болғандықтан, көшеде жан баласы көрінбейді. Осы себепті жақын маңдағы Грейт-Орм мүйісінің "тұрғындары" өздерін иесіз қаланың қожайыны сезініп жүргенге ұқсайды. Бұлардың серуенін терезеден тамашалаған лландиднолықтар күтпеген қонақтарға қарсы емес. Жергілікті халық оларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.