Қарағай сүрегіне шайыр заттар сіңгендіктен шіруге оңайшылықпен берілмейді. Осы қасиетінің арқасында қарағайдан салынған үйлер мен құрылыстар 150 жылға дейін сақталады.
Мəселен, Шығыс Қазақстан облысының көптеген қарағайлы аудандары қарағай ағашынан үй салады. Қарағайдан жасалған үйлер зияндкес-жəндіктерден, паразит-саңырауқұлақтардан таза болады. Осы қасиетіне байланысты қарағайды жиһаз жасауда көптеп пайдаланады. Қарағай шайыры кітап шығаруға қолданылады, кітап бетіне əріптердің дұрыс түзілуіне көмектеседі.
Ал қарағайдың жапырақтары шығаратын шайыр иісінен орман ауасы шипалық қасиетке ие болады, өмір сүруді ұзартады. Туберкулезбен ауыратын адам қарағай ормандарында серуендесе көмегі мол болмақ. Қарағайдың оны қасиетіне байланысты əрі ауа құрамындағы газ, түтін, лас болуына төзімді болғандықтан ірі қалаларда, өнеркəсіп орындарында кеңінен өсіріледі.