Қара теңізді неге қара деп атаған?

Қара теңізді неге қара деп атаған?
Фото: suntime.com

Азау, Жерорта теңіздерімен қатарласа орналасқан Қара теңіз расымен қара түсті ме? Негізі теңіздің түсі кейде көгілдір, кейде жасылдау, кейде тіпті күлгін. Бірақ болгарлар оны – Черно море, италяндар – Марэ Нэро, француздар – Мер Нуар, ағылшындар – Блэк Си, алмандар – Шварце Меер, түріктер - «Кара-Дениз» дейді. Не себепті Қара теңізді қара деп атаған? 

Бұл атаудың қалыптасуына байланысты бірнеше тұжырым бар. Бірінші нұсқа ежелгі грек георграфы, тарихшысы Страбон деректеріне сүйенеді. Оның тұжырымы бойынша грек басқыншылары теңіз дауылына, тұманға қарап оны қара теңіздің сыйқына балап, Понтос Аксейнос ("булыққан", "қара теңіз") деген атау берген. 

Екінші нұсқа бойынша, Азау (Азов) теңізінің шығыс мен солтүстігінде мекендеген меот, синд ежелгі үнді тайпаларының берген сипатына негізделген. Олар қазіргі Азов теңізі мен Қара теңізді Кавказ тауларынан қатар бақылап, Қара теңіздің Азов теңізіне қарағанда сұрлау, қаралау екенін байқаған. Содан кейін жергілікті халық теңізді қара деп атап кеткен деседі. 

Тағы бір нұсқада Қара теңіздің атауы теңіз түбінен шыққан темірлерге телінген екен. Кез келген металл теңіз түбінен күкіртті сутек әсерінен қараланып шығады. Соған қарап теңізшілер қара теңіз деп атауы мүмкін.

Massaget.kz