«Қара теңіз» не себепті бұлай аталған? Оның түсі шынында да қара ма? Ол бірде аспан көк түсті, бірде көкшіл, бірде күлгін, бірде тіпті алқызыл түсті болады. Бірақ оны қазақтар – Қара теңіз, түріктер – Кара Дениз, орыстар – Черное море, ағылшын тілділер – Блэк Си, италиялықтар – Марэ Нэро, франциялықтар – Мер Нуар, немістер – Шварце Меер деп атайды. Бұл сөздердің барлығы да қара теңіз деген мағынаны білдіреді.
Теңіздің атауына байланысты бірнеше нұсқа бар. Ежелгі грек географы, тарихшы Страбон пікірінше, бұл жерге қоныс аударып жаңадан келгендер осындай атау берген болса керек. Себебі бір кездері теңізде дауыл тұрып, айналаны тұман басып көшіп келген скифтер мен таврларға дұшпандық қылыпты. Олар жат та қаһарлы жерді Понтос Аксейнос – «қонақжай емес теңіз» не «қара теңіз» деп атаған. Кейін-кейін жағалауға жан бітіп, гректер теңізбен туыстасып, мейірімді де жайдары ертегіге айналдырыпты. Сонда атын Понтос Эвксейнос – «қонақжай теңіз» деп өзгерткен. Бірақ атауға ауыз үйреніп, өзгерткен атауына ешкім үйренбей қойған, алғашқы аты есте қалған екен.
Екінші нұсқа бойынша бұл жерге ауыздарына абай болмайтын грек көшпенділері қоныс аудармай тұрып, Азау (Азов) теңізінің солтүстік және шығыс жағалауын меот, синд сынды үнді тайпалары мекендеген екен. Олар көрші теңізге Темарун деген атау берген, бұл да «қара теңіз» деген мағынаға ие сөз. Бұл сырт қарағандағы көрінісіне байланысты туған атау. Қырлы Кавказ жағалауынан қарағанда теңіз әлі де қою түсті боп көрінеді. Қою деген – қара.
Теңіздің қара деп аталуына байланысты тағы бір деректерде дауыл тұрып, басылғаннан кейін жағада қара балшық қалып қояды деп жазылған. Ал бұл шындыққа жанаспайды. Тұнба қара емес, сұр. Бірақ лай ежелгі заманда қалай көрінгенін кім білсін?!
Міне, ғажайып теңіздің сыры осылай.