Қар адамдарының көбі Қытайда мекен етеді

Қар адамдарының көбі Қытайда мекен етеді

Қытайдағы Синьцзян таулы ауданында 200 бен 500 аралығында қар адамдары мекен етеді. Бұл туралы қытай ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлайды CA-NEWS.

Жақында Синьцзян экологиялық бірлестігінің жетекшісі Юань Гоинның «Жабайы адамдар» атты кітабы жарық көрген еді. Ол кітапта осы күнге дейін Қытайдың барлық аудандарынан қар адамының сегіз түрі табылғандығы жазылады. Зерттеушінің ойынша, олардың көпшілігі Алтай, Алтынтаг, Куньлунь және Тибет тауларын мекен етеді.

Ал олардың ішіндегі алып денелілері Алтынтаг пен Куньлунь тауларында өмір сүрсе, кішкене түрлері Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының астанасы Үрімші қаласына жақын маңдарда таралған екен.

Гоин тағы адамдарды 40 жылдан аса уақыттан бері зерттеп келеді. Сондай-ақ ол Қытай тауларына ұйымдастырылған арнайы экспедицияларға да қатысып, қар адамының іздерін бірнеше рет өз көзімен көрген.

Одан бөлек кітап авторы әлемде 500-1000 аралығында қар адамдары тіршілік етеді дегенді де айтқан. Қар адамының әр елде айтылатын атаулары да әртүрлі: йети, бигфут, сасквоч және тағы да басқа. Ал Қытайдың өзінде қар адамының бірнеше атауы бар.

Мысалы, Шэньси провинциясында оны «маожэнь» (түкті адам) деп атаса, Юньнанда «сепай» және «дунту» дейді. Ал Гуанси аймағында «бяньпо» және «шаньсяо» (тау перісі) десе, Хунань мен Сычуаньда «жэньсюн» (аю тәріздес адам), Синьцзян мен Тибетте «сюэжэнь» (қар адамы) деп атайды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ©РИА Жаңалықтар

Б. Қосмағамбет