Қанды саңырауқұлақ

Жер бетінде сіз бен біз білмейтін көптеген тірі ағза бар. Әлемтану айдары олар туралы әңгімелеуден жалықпайды. Сондай ерекше жаратылыстар саңырауқұлақтар патшалығында да бар екен.

Оның есімі – "Қан аққан тіс" (лат. Hydnellum peckii) немесе "Сайтанның тісі". Саңырауқұлақ Солтүстік Американың, Орталық Еуропаның қылқан жапырақты ормандары мен Тынық мұхитының солтүстік-батысында, Ресейде кездеседі. Таяуда ғалымдар бұларды Иран мен Корея жерінен ұшырастырды.

Бір қарағанда, ағарған затты жарақаттанған орман хайуанаты қанымен былғап кеткен бе деген ойға қаласыз. Немесе құлпынай я болмаса таңқурай тосабы тамып кеткендей көрінеді. Ал жақындай түскенде, мұның саңырауқұлақ екенін және қанға ұқсас сұйықты өзі бөліп шығаратынын аңғаруға болады. Әлгі қан  гуттация үдерісі барысында пайда болады. Бұл сұйық көбіне қан қызыл, кейде ашық алқызыл, сары, сарғыш, қою сары болады.

Саңырауқұлақтың жұмсағы бөтелке тығынан еске салады. "Тосап жағылған бәліштің" дәмін татамын деп әуре болмаңыз. Себебі, саңырауқұлақ өте улы. Сіздің соңғы асыңыз болып қалуы ғажап емес.

Ел ауызнда Hydnellum peckii әлемдегі ең улы саңырауқұлақ деген миф кең тараған. Оның улы екені рас, бірақ табиғатта онан да улы саңырауқұлақтар кездеседі. Дәмі тым ащы болғандықтан жеудің өзі мүмкін емес. Саңырауқұлақтың құрамында атроментин – антикоагулянт деген заттар бар. Оның адам қанын ұйытып жіберетін қасиеті бар.


Саңыруқұлақ ең алғаш рет 1812 жылы ғылымға енгізілді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com