Көптеген адам қараңғыда жалғыз ұйықтаудан қорқады. Олар елес көремін немесе басқа паранормальды құбылыстың куәгері боламын деп ойлайды. Сонымен қатар, олар күндіз ештеңеден қорықпайды, өйткені басқа дүниенің болуы мүмкін деген түсініксіз себептерге байланысты ойлар адамды түнде мазалайды. Жақында ғалымдар 8 000-нан астам адам арасында сауалнама жүргізіп, елестерге жиі сенетіндер ұйқысы қиын адамдар екенін анықтады.
Басқа әлемге сену
Алдымен, қандай адамдар елестерге, вампирлерге, шайтандарға және әртүрлі мистикалық құбылыстарға сенетінін түсіну керек. Бірнеше нұсқа бар: қорқыныштың жанкүйерлері, психологиялық жарақат алған адамдар, ғылымның қарсыластары және т.б. Сондай-ақ, жеткілікті ұйқының болмауы табиғаттан тыс нәрселерге сенуге әсер етуі мүмкін, мұны сауалнама нәтижелерін зерттеген ғалымдар дәлелдеген.
Ғылыми зерттеуде ғалымдар 8 853 адам арасында олардың ұйқы сапасы мен паранормальды құбылысқа сену деңгейі туралы сауалнама жүргізді. Сауалнама тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдар басқаларға қарағанда мистицизмге көбірек сенетінін көрсетті. Кейбір адамдар кейде бастырылығып қалады - дәл солар әсіресе елеске сенуге бейім келеді.
Бастырылығу – бұл адамның ақыл-ойы оянғанымен, бұлшықеттер сал болып қала беретін жағдай. Әдетте бұл құбылыс тұрақты емес ұйқының нәтижесінде пайда болады және бірнеше минут немесе одан аз уақытқа созылады.
Ұйқысы дұрыс емес адамдар жындарға және басқа мистикалық кейіпкерге көбірек сенеді – бұл тарихта дәлелденген. Сонымен, Мысыр тұрғындары жындардың айла-амалдарынан адамдарда бастырылығу болатынына бұрыннан сенімді. Жапон мәдениетінде адамның оянғаннан кейін қозғала алмауы "канашибари" (金縛り / かなしばり) деп аталады және түнде үлкен жынның адамдардың үйіне жасырын кіріп, кеудесін басып алуымен түсіндіріледі. Италияда ұйқының сал ауруы Пандафече мысық сиқырымен байланысты.
Адамдар ұзақ уақыт бойы бастырылығуда жындарды айыптады.
Адам бастырылыққан кезде, ол жиі оның жанында қандай да бір жын тұр деп елестетеді. Осы кезде кейбір адамдар елестер мен басқа да паранормальды нысандардың шынайы екеніне сенуі мүмкін.
© profile
Неліктен адамдар елестерді көреді?
Сонымен, қорқынышты фильмді көргеннен кейін, ұйқысыздық немесе бастырылығу нәтижесінде адамдар елестерге сенеді, тіпті оларды көре алады. Шындығында, олар жоқ және елеспен кез келген кездесудің ғылыми түсіндірмесі бар.
Көбінесе адамдар көне ғимараттарда елестер көрдім деп ойлайды. Ғалымдар мұндай галлюцинацияның себебі микотоксиндерді шығаратын зең мен саңырауқұлақтар деп санайды - олар көп жылдар бойы тазаланбаған ғимараттарда кездеседі.
Адамдардың елестерді көруінің тағы бір себебі - парейдолия. Бұл белгілі бір нысандарды басқа нәрсе екен деп ойлап қалу. Мысалы, адам қараңғыда адамның сұлбасына ұқсайтын нәрсені көргенде, жақындап барып қарағанда бұл орындықтағы киімдердің үйіндісі болуы мүмкін. Қазақта мұны "қорыққанға қос көрінеді" деп атайды.
Ғалымдар "айнадағы бейтаныстың" әсері бар екенін де біледі. Бас жарақаттарынан кейін кейбір адамдар айнада өзін танымайды – кейде олар басқа адамдардың силуэттерін көреді. Бірақ мұндай жағдай сау адамда да болуы мүмкін. Егер адам күңгірт жарықта айнаға ұзақ қараса, оған қорқыныш пен үрей тудыратын заттар да көріне бастайды.
© zen.yandex.ru
Түнде адамдар неге қорқады?
Бір жағдайда адамдар бастырылығу сияқты ұйқы проблемаларына тап болады және төсек жанында тұрған "жынға" қарсы тұрудан қорқады. Өкінішке қарай, бүгінде ғылым ұйқының бастырылығу кезінде неліктен әртүрлі елестің көрінетінін түсіндіре алмайды.
Бастырылығу кезінде адамдар шынымен де, қорқынышты елесті көреді.
Кейбір адамдар қараңғылықтан қорқады, өйткені олар парейдолиямен ауырады. Түнде бөлменің бұрышындағы кез келген көлеңке немесе сыбдырды жын-шайтан болып көрінеді. Бұл кез келген уақытта жыртқыштың құрбанына айналуы мүмкін алыс ата-бабалардан бізге жеткен адам психикасының ерекшелігі болса керек.