- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Канаданың "1000 аралы"...
Канаданың "1000 аралы" (Фотобаян)
Әдемілігін сөзбен айтып жеткізе алмайтын ерекше мекенді Канада екі түрлі атаумен атайды: "Құдайлар бақшасы" немесе "1000 арал". Соңғы атау он сегізінші ғасырда француз конкистадорларынан келген.
Солтүстік Американың осы бөлігі 1864 аралдан тұратын 2000 шаршы километр жерді алып жатыр. Аталған жер Kingston мен Brockville қалалары арасында орналасқан.
Табиғаттың айрықша сұлулығын бірнеше ғасыр қалыптастырған: алғашында мұздықтар әсерінен төбелер архипелагы пайда болып, кейінірек бұл төбешіктер орман аралдарына өзгерді. Бүгінде бұл аралдар жергілікті тұрғындардың сүйікті "ұясына" айналған. Мұнда қарапайым үйлерден бөлек, алып қорғандар мен сарайлар да бар.
Шіркін дерсің... Лажы болса, тотыдай таранған осы аралдардың сұлулығын көзбен көріп, орманы мен көлінің сыбырласқан сиқырлы үнін құлақпен естігенге не жетсін?!
Сурет: bugaga.ru
Ж. FM