Канадалық Роб Спенс есімді бір көзі көрмейтін 43 жастағы жігіт ауру көзінің орнына кішігірім камера орнатты. Енді ер адам қысқа видеоларды таспаға жаза алады, − деп хабарлайды Daily Star.
Камера көзге ұқсас, ол жүйке талшықтарымен байланыстырылмаған. Роб оны магнит арқылы басқарады.
Роб тоғыз жасында бір көзінен айырылған. Ол жаңа "көзінде" адамдардың эмоцияларын жазып, артынан оны деректі фильмге пайдалануға болады деп ойлайды.