- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қалыңдық суретке түсем...
Қалыңдық суретке түсем деп жүріп ажалдың аузына түсіп қалды
Канаданың Родон қаласында үйлену тойында сұмдық оқиға орын алған. Некелесу тойларын өткізіп жатқан екі жастың бірі той үстінде-ақ о дүниеге аттанып кеткен. Қалай дейсіз бе? Отыз жасқа толып үлгерген қалыңдық Мария Пантазопулос суретке түсем деп жүріп ажалдың аузына түсіп қалды. Суретке түсудің қызығына кірісіп кеткен Мария көлге құйылып жатқан сарқыраманың жанына шығып суретке түсіп жатқан кезде, суға құлап түскен. Осылайша үстіне той көйлегін киіп алған арудың сарқырама жанында әдемі көрініспен суретке түскісі келген арманы ажалман астасып кетті.
«Той үстінде тәтті күндерден» естелік қалдыру үшін фотосессия жасап жүрген қалыңдық абайсызда сарқырама жанында аяғы тайып жығылған. Ауыр той көйлегі жағаға жүзіп шығуына мұрша бермей, керісінше су түбіне тарта берген. Фотограф суға батып бара жатқан қалыңдыққа қол ұшын беріп көмектескісі келгенімен, шамасы келмеді. Дорвин Фоллс саябағында орнаған бұл оқиғаға бірнеше сағаттар болғанда ғана қалыңдықтың мәйітін тауып, жағаға шығарған.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: stihi.ru
А. Әбілхан