- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қалаға қармен бірге...
Қалаға қармен бірге тыныштық келеді
Суық мезгілді біреулер асыға күтсе, екіншілері ұната бермейді. Қар жауғанда жылы көрпеге оранып алып, теледидар алдында жатуды жақсы көретін адамдарға қардың пайдалы қасиеттерін ұсынамыз. Ең алдымен, қар мен суық ауа райы сұлулық пен көтеріңкі көңіл-күйді сақтауға көмектеседі.
1. Қаһарлы аяз теңіз ауасы секілді кең тыныстауға көмектеседі. Бұның барлығы құрамындағы жаз мезгіліне қарағанда 30 пайызға артық оттектің арқасы. Қар микробтар мен вирустарды ауаның төменгі бөлігіне түсірсе, аяз оларды жоюға көметеседі. Далада оттекке толы ванна тұрғанда үйде отырғанды қою керек шығар.
2. Аяз сұлулық пен жастық шақтың кепілі. Ағзамыз суық ауа райын қауіп-қатер деп қабылдап, артынша соған төтеп беру үшін қорғаныс қабатын түзеді. Нәтижесінде эндорфиндердің мөлшері артып, қан айналым жүйесі тұрақталып, зат алмасу жүреді. Яғни біздер тек тұздау рәсімі мен кремдерден кейін қол жеткізетін құбылыстар жүзеге асады. Ал Солтүстіктің тұрғындары мұның барлығына оңай қол жеткізуде.
3. Қар түсінің жүйке жүйесін тынышталдырып, ағзаны токсиндерден тазартып, тіпті, мидың құрылыс қабатын қалпына келтіру қасиеті бар. Ақ түс – айығудың белгісі.
4. Қардың еріген суы кез келген anti-age кремдерден жақсы. Оның құрылымы цитоплазма мен ядроға ұқсас болғандықтан, қартаю құбылысын біраз уақытқа тежейді. Бұл мақсатта тек жаңа түскен қарды ғана пайдаланған дұрыс. Әрі қар суы өзінің қасиетін 12 сағатқа дейін ғана сақтайтындығын ескергеніңіз жөн.
5. Қалаға қармен бірге тыныштық келеді. Жаңа түскен қар дыбыстарды тұншықтырып, мегаполисте тұратын адамдарға көлік пен көпшіліктің шуынан демалуға көмектеседі.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: wpapers.ru
Қ. Бүйенбай