Ахмад Ясин есімді палестиналық суретші өзінің тың суреттерін ақ параққа не кенепке майлы бояумен салмайды. Ол кейбір суреттерін өзі туып-өскен Наблус өңіріндегі кактустарға салады екен. Ғаламда көтеріліп жатқан мәселелерді кактус бетіне салады.
Оның басты себебін сурешті "Біріншіден кактустар дала өсімдігі болған соң, оған көңіл бөлінбейді. Тікендерінен жиіркене ме, әлде басқа ма, әйтеуір назардан тыс қалады, олардың осы әлемде бар екенін бір мезет көрсеткім келді, екіншіден, жетім балалар мен қариялардың қараусыз қалғанын осы кактус арқылы жеткізгім келді" дейді.