- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қақпақтардан керемет туындылар...
Қақпақтардан керемет туындылар жасаған әжей
Кроснаяр аqмағының тұрғыны Камарчага деп аталатын ауылының атын күллі әлемге мәшһүр етті. Оның сыры қарапайым пластикалық бөтелкелердің қақпағынан түрлі тамаша туынды жасауында. Көпшілігі қоқысқа лақтырып тастайтын тығыннан мұндай ғажапты жасау - Ольга Костинаның сүйікті ісі. Бұл апамыз зейнетте отырса да, уақытты құр өткізгенді ұнатпайды екен.
Бұл үйдегі әшекей 30 000 қақпақтан құралған. О баста Ольга жиналып қалған бөтелкелердің жапқышын лақтырмай, одан бір зат жасауды ойлаған. Міне содан осындай әдемі әшекей жасайтын ойға келген.
Бүгінгі таңда бұл үйді бәрі біледі. Әлеуметтік желілерде, жалпы ғаламтор беттерінде үйдің суреттері толып жүр. Үй иесі де танымалдыққа ие болды.
Мұндай адамдардың болғаны қандай жақсы. Олар біздің өмірімізді көркейте түседі. Сондықтан бір істі бастасақ, міндетті түрде аяғына дейін жеткізейік. Кейін нәтижесін көреміз. Іске сәт, достар!
Сурет: tulipanorosa.blogspot.com, standardoflife.blogspot.com, klimbo.ru
Ж. Исакаев