Жапонияда 11 қараша Оригами күні белгіленіп, мерекелік деңгейде атап өтіледі екен. Оригами алғаш 1680 жылдан бастап өркендеді. Неміс педагогі Фридрих Фрёбель оқушыларына геометрияны осы өнермен үйреткен екен, яғни геометриялық формулалармен қағаздан фигуралар құрастырған екен. Жапон мәдениетінің үлгісіндей болған бұл өнер сабырлыққа, төзімділікке шақырады.