Джо Бэглидің (Joe Bagley) негізгі мамандығы – археолог. Ол бос уақытының негізін тарихи кітаптарды оқумен өткізеді. Сол арқылы қазба жұмыстарына жаңа орындар табуды көздейді.
Сондай-ақ оның сүйікті ісі – қара түсті қағаздан түрлі сурет қиып шығару. Джо ылғи да әртүрлі өнімдердің жарнама агенттіктерінде айналымға енуіне атсалысып жүреді. Оның сапалы әрі әдемі жарнамалары әрқашан сұранысқа ие. Алпауыт компанияларға арналған тамаша жарнамалар – жарты жетістікке пара пар. Ол өз ісінен ләззат алып қана қоймайды, сонымен қатар, ақша тапқанды жөн санайды.
Оның қағаз қиындыларынан жасалған суреттері тарихтан сыр шертіп, адамдарды әр алуан ойға жетелейді. Өзінің айтуы бойынша, “суретші өз жұмысын жан-тәнімен құлай сүюге тиіс және туындысы толық дайын болғанша, махаббатын суытпауы қажет”. Джо әр жұмысын техникаға сүйенбей, өз қолымен жасайды. Әрине бұл дегенің шынайы әрі қызықты болары анық. Жиектемемен қапталған силуэттер (сұлбалар) жас жұбайларға, туған күндерге жасалар естелік сыйлық ретінде өз иесін табуда.
Джо Бэглидің туындылары:
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: ikpik.ru