Тамақ әзірлеуде неше түрлі дәмдеуіштер қосып, келген қонақтарды тіл үйірерліктей дәмімен таңғалдырамыз. Ал осы тағамдарды қағаздан жасап көрдіңіз бе? Күлкілі, иә?! Келген қонағыңыздың есінде қалатындай етіп осындай мүсіндер жасап көріңіз. Дастарханыңыздың сәнін келтірері анық.
Барселоналық Райя Садер есімді суретші қағаздардан осындай мүсіндер жасайды екен. Суреттерге қарасаңыз, кәдімгі бәліш пен кофе тәрізді. Тамашалыңыздар!