Сүтқоректілердің ішіндегі ымдауды ең жақсы үйренген жануар жылқы болып шықты, - деп жазады PLoS One журналы. Жылқы өз сезімдерін шамамен 27 түрлі ым-ишара арқылы білдіре алады екен. Ол үшін жануар көзін, танауын, ернін қолданады.
Ғалымдар бұндай шешімге жануарларға қатысты көптеген видеороликтерді көріп шыққаннан кейін келіп отыр. Ит 16 түрлі ым-ишара көрсете алса, шимпанзе сезімін 13 түрлі ишара арқылы білдіреді екен.
Зерттеушілер жылқылардың бұл қасиетін басындағы мүшелерінің адамдікіне ұқсас орналасқанымен түсіндірді. Олар осылайша адамға мүлде ұқсамайтын тіршілік иелері сезімдерін сан қилы жолмен білдіре алатынын дәлелдеді.