- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жылдың үздік ғылыми...
Жылдың үздік ғылыми фотосы. Сіздің таңдауыңыз қайсы?
Жылда Royal Photographic Society — британиялық корольдік фотографиялық қоғамы ғылымдағы ерекше әрі үздік фотосуреттерді анықтайды. 1853 жылдан бері үзбей жұмыс істеп келе жатқан қайырымдылық ұйымы фотографияның ең жоғары деңгейін дамыту үшін еңбектенеді. Биылғы жылдың үздік фотосуреті 7 қараша күні Лондон қаласында белгілі болады. Ал әзірге назарларыңызға сынға түскелі жатқан фотолардың үздіктер топтамасын ұсынамыз.
Үлкен ұн қарақоңызы
Назарларыңызда астық не ұн қоймасында жиі кездесетін кішкентай жәндік. Суретті электронды микрофотография түсірген, артынша сәл өңдеген. Әдемі, ә?
Сабынды көпіршіктің құрылымы
Сабынды көпіршікті мұндай формада көрмегеніңіз сөзсіз. Ким Кокс есімді фотограф ауа қалғып ұшатын әйнектей мөлдір сабынды көпіршікті жақыннан түсіріп көрді. Керемет!
Айдың тұтылуы
Биылғы жылы қаңтар айында Ай тұтылды. Осы бір таңғажайып сәт — Мэри Эн Чилтон есімді фотографтың объективінде.
Апероль тамшысы
Италияда танымал Апероль сусынының микросуреті. Фотода полярланған жарықтағы қанттың кристалдануы.
Медуза аяғымен жоғары қарап тұр
Не төмен, не жоғары ғана қозғалатын бұл ерекше теңіз жаратылыс иесіне түс беретін оның қорегі - балдырлар.
Бұғы қоңыз
Микроскоп арқылы бес мәрте үлкейтілген бұғы қоңыздың суреті.
Солтүстік Америка тұмандығы
Жерден 2,202 жарық жылы қашықтықта орналасқан Аққу жұлдыздар тобындағы тұмандық. Атауы айтып тұрғандай формасы Солтүстік Америка құрлығына ұқсайды.
Құс Жолы
Бұл фотоны Евгений Самученко есімді фотограф Непал еліндегі Гусайкунда көлінде түсірген. Фотодан жұлдызды аспанды және оған айнадай шағылысып тұрған көлді, ақ қар жамылған тауды көруге болады.
А. Рысдәулет