Жылан массажы барын білесіз бе?

Филиппин елінің хайуанаттар бағы келем деушілерге 4 жойқын бирмуд питон жылан массажын ұсынады. Егер сіздер сайт арқылы хайуанаттар бағына  келген болсаңыздар, әкімшілік тарапынан  келуші тегін массаж алу құқығына ие бола отырып, жүректілігіңізге қарай «жылан массажын» жасатады.

Массаж кезінде тұтынушы бамбук ағашынан жасалған төсенішке арқасымен шалқайып жатады. Жақсылап жайғасып алғаннан кейін оның үстіне салмағы 550 келі болатын 4 питон рет-ретімен адам денесіне белгілі бір тәртіпке сүйеніп орналастырады. Массаж уақыты 10-15 минутқа созылады. Уқалау кезінде ем қабылдаушыға қимылдауға немесе жыланды үркітіп тартпалауға тыйым салынады.

Мысалы, тұтынушы үрейленіп, шатақ шығарған жағдайда, питон мұндай іс-әрекетке бірден жауап қайтармай, сабырлықпен қарайды. Алайда салмақтың тым ауыр болып, ем қабылдаушыны тұншықтырып жіберуі әбден мүмкін. Әйткенмен, хайуанаттар бағынан қызық көрем деушілер саны бір толастар емес.

Хайуанаттар бағының басшысы Джованни Ромарейт «Daily Mail» сайтына: «Тұтынушылар жыландарға дене жарақатын келтірмесе, оларға ешқандай қауіп төндірмейді» деп жазған. Питондардың қарнын тойдыру үшін парк қызметкерлері әрқайсысына күніне 10 тауықтан береді.

Жылан массажын алып шыққан адамдардың айтуынша, бұл - адамды тыныштыққа, шыдамдылыққа және өз қорқынышыңды билеуге таптырмас әдіс.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/-1gBg29eFzM","width":"450","height":"350"});

Оқи отырыңыз:

Табаны жерге тимейтін қыз

Полиция туралы қызықты деректер

Тибеттіктердің тілін шығарып амандасатынын білесіз бе?

Адамдар бір сәтте жоқ болып кетсе, ары қарай не болады? (Фото)

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.thrillist.com,www.dailymail.co.uk