Жүзетін орман

Кеме қалдықтары көп ұшырасатын Сиднейдегі Хомбуш шығанағында бұрын-соңды сіз көрмеген бір керемет бар - “Floating Forest” (“Суда жүзген орман”). Тот басқан кеме арқалығында тірі табиғат пен металл байланысы (симбиоз) негізінде ағаштар өсуде. 

Осыдан бір ғасыр бұрын осынау ағаш қаңқасы “Ayrfield” деген асқақ атқа ие болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Тынық мұхиты үстімен америкалық жауынгерлерге қару-жарақ тасыған. 1950 жылдары жүк кемесіне басқа қожайын иелік етіп, 1972 жылдың соңынан дейін аустралиялық Ньюкасл мен Сидней қалалары ортасында бағыт алып отырған. 

(1911 жылы салынған ағылшын транспорты жүк тасымалы негізінде қолданылған). 

Содан кейін аталған кемені Хомбуш шығанағына мәңгілік тұрақ-жайға алып барып тастаған. Алайда, мәңгілік тыныштық алғанына қарамастан, бортында әлі күнге орман тіршілігі жанданып келеді.

сурет:www.kulturologia.ru

Дайындаған:Фараби Арыстанбек