Неміс сәулетшісі Оле Ширен Тайланд жеріндегі Яо Ной аралының жағалауына жобасын өзі жасап шыққан ерекше кинотеатр тұрғызды. Кинотеатрдың ерекшелігі – оның жүзетінінде жатыр. Ашық аспан астында орналасқан кинотеатрдың көрермендер залындағы орындықтары қарапайым материалдардан жасалған, ал одан 50 м қашықтықта аса үлкен экран қойылған. Өзіңіз байқап отырған боларсыз, көрермендер кез келген фильмді су бетінде отырып тамашалайды.
"Archipelago Cinema" деп аталатын бұл кинотеатрды алыстан арбалап іздеп келетіндердің саны өте көп. Билет жетпей қалып, өкпелеп қайтатындар қатары да жоқ емес.
«Су бетінде отырып фильм тамашалау» дейміз ғой, алайда, көрінісі көз тартар жартастар арасындағы экран... Толқындар құшағында тербеліп отырған көрермен... Сырт көзге бұл көріністің өзі «фильм» болып көрінбей ме?
Бір өкініштісі, егер таңдаған фильміңіз көңіліңізден шықпай қалып жатса, қарапайым кинотеатрлардағыдай шығып кете салу мүмкіндігіңіз жоқ. Ал егер, керемет жүзгіш болсаңыз, онда әңгіме басқаша....
Суреттер:khaleejesque.com,gizmodo.co.uk,torchu.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева