- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жұртты жылатқан жарнама...
Жұртты жылатқан жарнама ролигі
Фото:
www.youtube.com
Немістің Edeka супермаркеттер желісі түсірген жалғыз басты қарт туралы жарнама ролигі YouTube қолданушыларының жүрегін тебірентті. Видео бірнеше күннің ішінде 20 миллион көрілімге ие болған.
Мұнда егде жастағы ер адам жайлы баяндалады. Ол жыл сайын Рождествоны жазғыздықта өткізіп, жанұясыз отырғандай күй кешеді. Жарнаманы Jung von Matt агенттігі дайындады.
Немістер әлеуметтік желілердегі жарнама жүрекке жылы тиетінін айтты. Алайда кейбірі роликті сынап үлгерді. Мәселен, Stern басылымы Twitter сервисіндегі ресми микроблогында сурет жариялады. Суретте әйелі күйеуіне "Тек Edeka емес! Жұрттар отбасымызда бір кикілжің болған екен деп ойлап қалатын шығар" деп тұрады.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін