Сағатына 150 шақырым жылдамдықпен ауада ұшу кезіндегі сезім қалай болады дерсіз. Мұны америкалық әуесқойлар Солтүстік Америкадағы ең ұзын тросс жолымен өту арқылы білгісі келіпті. Видеода көріп отырып-ақ қаныңызда адреналиннің құрамы көбейіп кеткенін байқайсыз.
Расында мұндай әрекетке екінің бірі бара бермейді. Ол үшін адамда ішкі қорқынышын басатын күш болуы керек. Төмендегі видеоға түскен жасөсіпірімдер экстремге ертеректен қызыққаны көрініп тұр.