- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жиһангез жарты мүсіндер...
Жиһангез жарты мүсіндер
Франция мүсіншісі Бруно Каталано көпшілікке ерекше өнер туындыларымен жақсы таныс. Оның «жырым-жырым жарты мүсіндері» жалпы жұрттың көзайымына айналып үлгерді. Les Voyageurs – «Саяхатшылар» сериясымен дүниеге келген аты шулы «Ван Гог» мүсіні көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.
Бруноның өзі туындыларына толық түсіндірме бере алмайды. Автордың жұмысына қарап саяхатшының ішкі әлемінің бос екендігі, көрген жерлерінен көңілге түйген ойы, жаңаша әсерін байқауға болатындай. Мүмкін басқаша... Өнердің кереметтілігі – нақты бір ұғыммен өлшенбейтінінде жатса керек. Ерекше мүсінге қарап әр адам әртүрлі әсер алуы заңды шығар. 53 жастағы мүсінші өз тарапынан: "Менің біртүрлі мүсіндерім - жаңа қала тұрғындары. Біз өміріміздің көп бөлігін бос өткізіп аламыз. Кез келген адамның жоғалтып алған, енді қайтып оралмас тамаша сәттері болады. Мен соны көрсеткім келді..." дейді. Бүгінде Париж көшелері мен сауда орталықтарында «Саяхатшылардың» түрлі бейнесі қойылған.
Бруно Каталаноның мүсіндері:
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: udivitelno.com
Ш. Талап