- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жердің Сағаты...
Жердің Сағаты
Жердің Сағаты(Earth Hour) - бұл Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры((WWF) ұйымдастырған халықаралық жаһандық акция. Шара жыл сайын наурыз айының соңғы сенбілерінің бірінде өткізіліп тұрады.
Күннің мәні мен мақсаты неде? Қандай шаралар ұйымдастырылады? Бұл күні белгіленген бір уақытта әлемнің барлық бұрышындағы адамдар жарық пен электрқұрылғыларын сөндіру керек. Акцияның басты мақсаты - әлемдік қауымдастықтың назарын планетамыздың климатының өзгеру мәселелеріне аудару, эколгиялық мәселелерді шешуге халықты жұмылдыру болып табылады.
Қоршаған ортаны қадағалау мақсатында ұйымдастырылған шара барысында бір сағат бойы электр жарығын сөндіріп қою идеясы Аустралиядағы Сидней қаласында 2007 жылы пайда болды. Ал келесі жылы бұл әрекетті әлемнің 35 мемлекетінен 100 миллион адам қолдап, халықаралық деңгейге көтерілді. Аталған акция сол уақыттан бері бірнеше елдердің басын біріктіріп, танымалдығын арттырып келеді. Мәселен, 2011 жылы Жер Сағаты әлемнің 135 елінен 2 млрд. қатысушыны біріктірген екен. Бұл үлкен көрсеткіш.
Акцияға миллиондаған жеке тұлғалар мен мыңдаған ұйымдар қатысады. Ерікті шара болғандықтан, адамдар қанша және қандай құрылғыларды өшіруді өздері шешеді. Ал ауқымды ұйымдар көше бойындағы құрылғыларды немесе бағдаршамдарды сөндіруге дейін барады екен.
Әрине, мұндай әрекеттер арқылы Жердегі экологиялық жағдайды шешіп тастау мүмкін емес нәрсе. Бірақ, бір сәт ойлап көріңізші! Әлемде жарық болмаса қайтер едіңіз? Ендеше, шараға қатысып оның қадіріне жетуді үйреніңіз! Өзгелерді бұл шараға қатысып, ес жинауына жәрдем етіңіз!
Әрине, мұндай әрекеттер арқылы Жердегі экологиялық жағдайды шешіп тастау мүмкін емес нәрсе.
Акцияның нышан белгісі төмендегідей:
60 - минутты, яғни бір сағатты білдірсе, + - мұнымен тоқтап қалмай, қоршаған ортаға өз қамқорлығыңызды көрсетуді жалғастыра түсіңіз дегенді нышандап тұр.
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева