АҚШ-тың Рочестер университетінің ғалымдары Жердің магнит өрісінің өзгерісін бағалау туралы жаңа зерттеулерін таныстырды. Оңтүстік Атлантикадан Африканың оңтүстігіне дейінгі аралықта Жердің магнитті өрісі өте әлсіз саналады. Ал теңізде компасты оңтүстікке бағыттап тұрсаңыз да, оның тілі магнит өрісінің күштілігінен солтүстікті көрсететін болады. Дегенмен соңғы 160 жылда Жердің магнит өрісінің кему жылдамдығы ғалымдарды алаңдатып отыр. Бұл жағдай жалғаса берсе, электр желісінде көптеген ақау болады деп болжанған. Бүгінгі таңда мұндай оқиға қашан болатынын нақты болжап айту қиын. Ғалымдардың айтуынша, соңғы рет бұл құбылыс 800 мың жыл бұрын болған. Яғни 160 жыл нақты шешім шығаруға тым ерте уақыт. Жағдайды тереңнен талдау үшін Рочестер университетінің ғалымдары Оңтүстік Африкадағы қызық тәжірибені қолданып көруге бекінген. Олардың айтуынша, Оңтүстік Африканың кейбір тайпалары саздан жасалған үйлерін өртеп, құрбандыққа шалған. Ғалымдар сазда магнит бөлшектері бар екенін және ол Жердің магнит өрісіне қарай орналасу жерін өзгертіп отыратынын айтты. Ал үй өртенген кезде жоғары температура магнит минералдарын бір қалыпта ұстап тұрады. Осы әдіс арқылы ғалымдар Оңтүстік Африканың магнит өрісін өлшеді. Зерттеу нәтижесінде бұл өңірде магнит өрісі бірнеше рет өзгергені анықталды. Дереккөз:baq.kz