- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жерасты қалаларының құпиясы...
Жерасты қалаларының құпиясы
Жердің астында өмір сүру адамзат баласында ертеден қалыптасқан дүние. Тек өлгенде ғана емес, тіршілік ете жүріп жер астында өмір сүруге болады. Бұл алғаш адамдардың өз құпияларын сақтау үшін, байлықтарын жасыру үшін қажет болған. Жерасты мекеніне ертеден келе жатқан жерасты жолдары, катакомбтар, бункерлер мен жертөле және бүкіл бір жерасты қаласы жатады.
Түркия, Деринкую(жерасты қаласы), Каппадокия. 1960 жылы археологтар зерттеу кезінде бүкіл бір Деринкую халқы өмір сүрген жерасты қаласын тапты. Есептеулерге қарағанда аталған жерасты қаласы б.з.дейінгі 8 ғасырда қалаған. Басты себеп жаудан қорғану үшін салынған. Аталған жерасты қаласында уақтыша өмір сүруге болатындай жағдай жасалған. Бұл жерасты қаласын салған кім, қандай жаудан қорғанып мұндай қадамға барды, бұл ғалымдардың әлі де болсын жауабын таба алмай келе жатқан жұмбағы.
Франция. Наур. Өте ерте кезде Францияның солтүстігінде римдіктер орман асты арқылы тас қала салған. Бұл жерасты қаласы да жаудан қорғануға бағытталып салынған. Ең қызығы аталған жерасты қаласында үш мыңға жуық адам өмір сүре алатын болған. Құдықтар мен тонар және ат қора да болған.
Польша. Величка шахтасы. Орта ғасырла тұсында адамдар тұз тапшылығын азайту үшін, тұз іздеу жолында жерасты жолдарын қазған. Олардың қазып қалдырып отырған жерлер кейін қатып, жертөлеге айналған. Жертөлелердің ұзындығы – 300 км. Ал ішкі тереңдігі – 200 м.
Эфиопия. Лалибэла. Африка даласында Гебре Мескель патшаның құрметіне өте құнды ескерткіш сақталған. Оның билік басындағы мерзімі 12-13 ғасыр. Тегінде Иерусалимге жол алған патша қаланың сұлулығына тамсанып, өзінің даласында дәл сондай қала салғысы келді. Бірақ ол қала жер бетінде емес, жердің астында салынған.
Италия. Орвието. Бұл ежелгі қала. Бірақ қаланың ерекшелігі жердің бетінде де жердің астында да орналасқан. Оның архитектуралық құрылысы археологтарды әлі күнге дейін қызықтырып келеді. Аталған қала ғасырлар бойы кеңейіп отырған. Яғни әрбір ұрпақ жерасты мекені үлкен қалаға айналып кеткенге дейін қаза берген.
Қытай. Пекин. 60-70 жылдары қытай жұрты жер бетінде атом жарылады деп күтіп, жер астынан пана іздеу мақсатында жерасты қалаларын салып бастаған. Қорқыныштың әсерінен орталық қаласы Пекин жерінде жерасты қаласын салған. Онда жарты жыл уақыт бойына сыртқа шықпай, жерастында өмір сүруге болатын мүмкіндік болған. Тіпті миллиондаған қытайдың өмірін сақтап қалуға жеткен.
М. Ақан