Қазіргі кезде жер сілкінісі көбінесе жеті түнде болып жатады. Ал қалың ұйқыда жатқан сіз оны сезбей де қалуыңыз мүмкін. Алайда жоғары балдық жер сілкінісінен қабырғаларыңыз құлап, қатты зардап шегуіңіз ықтимал. Өйткені ондай кезде үйіңізден қашып шығу да қиынға соғады. Бірақ қытайлық өнертапқыш бұл мәселенің қалай алдын алу керектігін тапты. Ол қатты жер сілкінісі кезінде адамның өмірін құтқаратын керует құрастырып шығарды.
Бұл керуетте ұйықтап жатқан адам тіпті ғимарат опырылып жатса да, өз өмірін аман алып қала алады. Себебі Ван Венши есімді қытайлық өнертапқыш мұны құрастырар кезде барлық қауіпсіздікті жан-жақты қарастырған. Ол 2010 жылы өз өнертабысын потенттеп, әрі қарай әр бөлшегін егжей-тегжейіне дейін анықтап, шырт ұйқыда жатқан жанды құтқару үшін бар күшін салған. Дегенмен әлі де жасайтын жерлері жоқ емес. Оны Ван Венши жуырда аяқтайды деген ойдамыз.
Төмендегі видеодан керуеттің қыр-сырымен толығырақ таныс бола аласыздар. Бұл керуеттің адам өміріне пайдасы өте көп.