Ғаламда сіз құрғақ жерде тұрғанмен, мұхиттармен салыстырғанда су астында тұрғаныңызды дәлелдейтін жерлер бар. Азия құрлығында орналасқан Өлі теңізден бастайық. Палестина, Израиль және Иордания мемлекеттерінің ортасында орналасқан бұл теңізді Тұзды теңіз деп атайды. Оның жағалауы мен жоғарғы бөлігі теңіз деңгейінен 422 метр төмендікте жатыр. Бұл - Жердегі құрғақшылықтың ең төмен нүктесі.
Келесі орында Африка елді мекенінің Джибути Эфиопиясында орналасқан Ассаль көлі алады. Көл Афар ойпатында теңіз деңгейінен 155 метр төмендікте орналасқан. Бұл - Өлі теңізден кейінгі екінші орынды алатын Африка құрлығының ең төмен нүктесі. Суы әлемдегі көлдермен салыстырғанда өте тұщы келеді. Тұз концентрациясы - 34.8%. Оның тұщылығы Өлі теңізден де асып түседі, ал мұхит суынан 10 есеге артық.
Антарктида құрлығында теңіз деңгейінен 50 метр тереңдікте жатқан Вестфолд-Хиллз жері бар. Сіздердің білулеріңізше, жер бетіндегі сұйық суға батпаған ең терең жер 2555 метр тереңдікте орын алған Антарктидадағы Бентли ойпаты. Ойпат қалың мұз қабатымен қапталған. Ал Жер бетіндегі су астында орын алған ең терең жер – Мариан ойпаты болып табылады.
Осы секілді жерлер Солтүстік Америкада да бар. Өлім алқабы – АҚШ-тың оңтүстік-батысында орналасқан құмды аймақ. Бұл - тау аралық шұқыр Американың Мохава құмды аймағының шекарасына кіретін ең төмен, ең құрғақ, ең ыстық жер. Ал Өлім алқабындағы Badwater аймағы – Американың ең терең бөлігі, теңіз деңгейінен 86 метр төменде жатыр. Бір қызығы бұл жер Американың ең биік нүктесі Уитни тауынан 76 миль қашықтықта орналасқан. Уитни тауының биіктігі 4422 метр. Мұнымен қатар, Өлім алқабы жер шарындағы ең ыстық аймақтардың бірі. 1913 жылы 13 шілдеде Furnace Creek жерінің температурасы 56,7 °C көтерілген. 1922 жылы 13 қыркүйекте Ливиядағы 58 °С-қа көтеріліп рекорд орнатқан ауа температурасымен пара-пар.
Оңтүстік Америкада тереңдігі теңіз деңгейімен салыстырғанда 105 метрде орналасқан Laguna Del Carbon. Кейде Көмірлі Лагуна деп те атайды. Ол Аргентина жерінде орналасқан тұзды көл. Бұл - Батыс әрі Оңтүстік жарты шардағы ең төмен, әлемдік деңгейде салыстырғанда жетінші орынды алатын Жер шарының нүктесі. Аргентинаның құмды аймағындағы жол жабындыларының сапасына назар аударыңыз.
Еуропаның ең төмен нүктесі – Каспий теңізі. Оның бассейнінің аумағы 371 000 шаршы шақырым. Әлемдегі жабық су бассейіндерінің 10 пайызын құрайды. Ежелгі тұрғындар Каспий теңізін мұхит деп ойлаған, шамасы оның тұздылығы мен шексіздігіне қарап айтқан болар. Суы тұзды, орташа тұздылығы - 1.2 %, өзінен кейін ағынсыз көлді жібереді. Бұл - Еуропаның теңіз деңгейімен салыстырғанда 28 метр тереңдікте жатқан ең төмен нүктесі.
Біз барлық құрлықтарды аралап, соңында Аустралия қалды. Бұл жердің ең төмен нүктесі – Эйр көлі. Тереңдігі теңіз деңгейінен 15 метр төмен. Аустралияның ең үлкен бассейнінің қақ ортасын алып жатыр.
Суретке қарап, бірден анықтау қиынға соғады, алайда мұхит фотографтың тұрған жерінен 20 метр биіктікте жатыр. Расымен де, әлемде осындай жерлердің бар екендігі таң қалдырады.
Дайындаған: Бүйенбай Қарлыға
Сурет: lifeglobe.net