- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жер шарындағы ең...
Жер шарындағы ең терең өзендер
Әлем өркениеті мен мәдениеті өзен маңындағы елдерден өніп шыққаны тегін емес. Тигр мен Ефрат өзенін мысал етсек жеткілікті. Қазақ жеріндегі Сыр бойындағы шаһарлардың бәрі Сырдария мен Әмудария өзендерінің бойында салынған.
Кез келген қала, елдімекен – бәрі-бәрі өзен жағасында салынған. Қазір де солай. Өзен ірі де, кіші де болуы мүмкін. Кейбір өзендердің қуаты мен күштілігіне, алып арнасы мен тереңдігіне тамсанасыз. Әсіресе, тереңдігі көлмен бірдей өзендерге неге таңғалмасқа? Назарыңызға ең терең өзендерге шолуды ұсынамыз.
10. Миссисипи өзені – 61 метр
Миссисипи – Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен. АҚШ-тың Миннесота штатынан бастау алған өзен Мексика шығанағына барып құяды. Ұзындығы – 3730 шақырым. Суы мол әрі қуатты өзен. Бір күннің өзінде 436 000 тонна құм мен балшық ағызады.
Тереңдігі – 61 метр. Миссисипи – көне үнді тайпаларының мәдени ошағы болған өзен. Майя өркениеті осы маңда дамыған. Қазіргі таңда бұл өзен – АҚШ мен Мексиканың транспорт жүйесі, жүк тасымалының қан тамыры, сауда-саттық мекені.
9. Әулие Лаврентий өзені – 65 метр
Бұл өзен де Солтүстік Америкада жатыр. Суы мол. Ұлы Америка көлінен бастау алып, Атлант мұхитына барып құяды.
Американы колонизациялау кезінде ақтардың мекені, алғаш бекініс-қалашықтар тұрғызған жері саналады. Әрі ет пен аң терісін тасымалдаған кеме айдыны болды.
Өзеннің орташа ені – 300 метр, ал ең терең жері – 65 метр. Соның арқасында өзен қазір Солтүстік Америкадағы ең ірі су артериясына айналған.
8. Гудзон өзені – 65,8 метр
Солтүстік Америка – суы мол, өзені көп құрлық. Гудзон өзені де осы құрлықта жатыр. Нью-Йорк штатындағы Адирондак тауынан бастау алып, Атлант мұхитына барып құяды.
Ұзындығы – 492 шақырым. Қысқа өзен болғанымен, өте терең. Тереңдігі – 65,8 метр.
7. Хуанхэ өзені – 79,8 метр
Бұл – Азиядағы ең ірі өзендердің бірі әрі оңтүстік-шығыс Азияның ұлы мекені. Қытай тілінен аударғанда "сары өзен" дегенді білдіреді. Арнасы сары балшық болғандықтан осылай аталған. Сары өзеннің тереңдігі – 79,8 метр.
Хуанхэ – Қытай елінің құрылуы мен дамуына, қытай өркениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан су айдыны.
6. Амазонка өзені – 91,5 метр
Амазонка – әлемдегі ең ұзын өзен. Оңтүстік Америка құрлығын бастан-аяқ жалғап жатқан су айдыны. Атлант мұхитына құятын бұл өзен, расымен, табиғаттың ғажап бір кереметі.
Өзеннің ұзындығы – 6437 шақырым. Ал тереңдігі – 91,5 метр.
5. Меконг өзені – 100 метр
Үндіқытай түбегіндегі ең үлкен өзен. Тереңдігіне де таңғалмасқа болмайды: ең терең жері – 100 метр. Бес бірдей елдің территориясында ағады: Қытай, Лаос, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам.
Табиғаты керемет, флорасы мен фаунасы бай.
4. Замбези өзені – 116 метр
Африкада жатқан өзен. Орны ерекше өзен: құрғақ континентті суарушы қан тамыр. Әлемдегі ең терең төрт өзеннің қатарына енеді. Тереңдігі – 116 метр.
Замбези – турист көп жиналатын мекен. Өйткені өзенде жер бетіндегі ірі сарқырамалардың бірі – Виктория ағып жатыр.
3. Дунай өзені – 178 метр
Волгадан кейінгі Еуропадағы ең ұзын өзен. Еуропаның шығысы мен орталығындағы елдерді жалғап жатқандықтан, сауда-саттық пен транзит үшін маңызы үлкен су айдыны.
Ірі әрі терең өзен. Ең терең жері 178 метрге жетеді. Әлемнің ең терең үш өзенінің бірі.
2. Янзцы өзені – 200 метр
Янзцы – Еуразия құрлығындағы рекордсмен-өзен. Бір сөзбен айтқанда, Еуразиядағы ең ұзын, ең суы мол әрі ең терең өзен.
Ұзындығы – 6300 шақырым. Өзен жағасында 450 млн халық тұрып жатыр. Арнасы терең, кейбір жері 200 метрге дейін терең.
1. Конго өзені – 250 метр
Африкадағы Конго – әлемдегі ең терең әрі су көлемі бойынша дүниежүзінде екінші орындағы өзен.
Өзенде балықтың мыңдаған түрі бар. Сондықтан көне заманнан бері балық шаруашылығы дамыған өлке болған. Конго өзенін еуропалықтар 1481 жылы ашқан. Содан бері колонизаторлардың транспорт артериясына айналды. Пайдалы қазба кенін осы өзенмен Атлант мұхитына дейін тасымалдап, кейін Еуропаға жеткізген.
Мұхитқа құяр маңы шатқал, таулы мекен. Өзеннің ең терең жерлері осы маңда: 240-250 метр тереңге дейін жетеді. Сонымен, Конго – әлемдегі ең терең өзен.
Қ. Слямбек