Адамзат тарихында біздің ғаламшар бірнеше қолдан жасалған сынақты бастан өткерді. Олардың арты, әрине, жақсылыққа алып келмеді. Сонымен ол қандай тәжірибелер екенін көрелік.
1. Сақиналы терең ұңғыма
Сақиналы терең ұңғыма Солтүстік поляр шеңберінде, Ресей елінің солтүстік-батыс жағында бар. Ол дүниежүзінде ең терең қазылған жер асты жолы болып есептеледі. 1970-89 жылдар аралығында Кеңес одағының ғалымдары басшылығымен жер 12 262 метрге дейін қазылған. Тәжірибеде ғалымдар жер қыртысын толығымен қазып, мантияның ең үстіңгі бетіне жеткісі келіпті. Алайда, алда ғалымдар сынақтың нендей салдарға әкеп соғатынын білмеген. Осының есебінен өте жоғары дәрежелі жер сілкінісі немесе тым жиі болады деген теория негіз болса керек. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде дәлелденбеген.
Жоба қазу барысында ауа температурасының 177 градусқа дейін көтерілуіне байланысты тоқтаған. Сол себепті жерді ары қарай қазу мүмкін емес болған.
2. Тринити сынағы
Тринити сынағы — Америка Құрама Штатының «Манхеттен жобасы» атты ядролық қарудың бағдарламалық сынағы. Оған 1945 жылы ең алғаш болып жарылған атом бомбасы жатады.
Мұндай суық қару нұсқасы ғалым Эдвард Теллердің жасаған күмәнді болжамының нәтижесінде біраз уақытқа дейін кідіріпті. Ғалымның айтуынша, күш қуаты күшті зарядталған плутон іске қосылған кезде ол азоттың химиялық реакцияға түсуін қоздырып, жер шары атмосферасын қалыпқа келмейтін тұтануға әкеліп соқтырады екен. Бірақ, кейініректе бұл болжам толыққанды зерттеліп, зерттеу нәтижесі оның салдарының қарқында жүрмейтінін анықтаған. Сондықтан жұмыс қайта жалғасқан. Бірінші жасалған ядролық жарылыстың қуаты тратил эквивалентімен есептегенде 21 тоннаны құрайды.
3. Үлкен адрондық коллайдер
2008 жылы кыркүйек айының 10 жұлдызында ғалымдар «Үлкен адрондық коллайдер» жобасының құрылғаны туралы ақпаратты ресми түрде жариялаған.
Демеулікті үдететін жоба 6 миллиард долларды қамтыпты. Ол 27 шақырымдық тоннель байламын келесі бір соққыға ұластыру үшін бума протонының екпінін күшейтуді ойластырады. Сынақ кезінде болған жарылыс орнында алып көлемді қара тесік қалып қалады. Осыған байланысты түрлі ойлар қалыптасады. Мысалы, кейбір адамдардың есептеуінше, қара тесік уақыты келе үлкейіп, жерді түбімен жұтқанша тоқтамайды деген. Әйткенімен, оқымыстылар мұны жоққа шығарды. Бұл феномен «Хокинг сәулеленуі» деп аталады.
4. Старфиш Прайм
Жер магнитосферасы зарядты бөлшектерден тұрады. Ол жер шарының күн сәулесінен түсетін зиянды заттан қорғайды. 1962 жылы Америка елі осы магнитосферада ядро бомбасы жарылса не болады деген сұраққа жауап іздеген. Осыған орай олар Тынық мұхитындағы Джонстон атолында 400 метр биіктікте термоядролық жарылыс жасайды. Күш қуаты 1,4 мегатонна болатын жарылыс 1450 шақырым қашықтықтан көрініп, электромагнит импульсі Гавай аралдарының телефон байланыс құрылғысы мен жарықтандыру сымдарын істен шығарған. Одан бөлек жер орбитасының төменгі бөлігінде 5 жыл бойы жасанды радиациялық белбеу тұрған. Ол сол кездегі спутниктің үштен бірін зақымдаған.
Бұл туралы қандай ойдасыз?
Оқи отырыңыз:
Жасыл мысық
Ең ұзақ орындалатын әнұран
Смартфондар өмірімізді қалай өзгертті?
Қытайлардың тәжірибесі әлемді дүрліктірді
Сурет: nesaranews.blogspot.com