- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жер бетінен жылдам...
Жер бетінен жылдам жойылып бара жатқан ұлт анықталды
Фото:
tengrinews.kz
29 маусымда Болгарияның халық саны 7 миллион адамнан аз болып қалды. Мұндай мәліметті БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөнінде департаменті таратты, - деп хабарлады bgnews сайты.
Болгарияда халық саны күрт азайып келеді. Мұндағы жағдай тіпті екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалдан да төмендеген. 1946 жылы бұл елде 7 029 349 адам болған.
"Бұл ауыр жаңалық… Болгария демографиялық шығынға ұшырап отыр, ол өліп барады… Біз әлемдегі ең жылдам құрып бара жатқан ұлтпыз", - деді академик Петр Иванов.
Порталдың мәліметінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша, Болгарияда 120 адам өмірге келіп, 193 адам дүниеден озған.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
Н. Үсенова