Әлем жаратылғалы бері түрлі құбылысқа толып келеді. Ол түрлі ғылыми теорияларға келмейтін, не өлшемі, не есебі, не шешімі жоқ жұмбақтар. Сондай жұмбақтардың бірі, табиғат ананың өзі жасайтын жер бетіндегі таңғажайып құбылыстар.
Жасыл сағым
Сирек кездесетін құбылыс. Бірақ оны аңыз не бір мифтік құбылыс деп қараудың қажеті жоқ. Теңізбен ұштасып жатқан тұста, күн көкжиекке сіңіп бара жатқан кезде кездесетін түс.
«Мәңгілік толқын»
Бразилия жерінде орын алатын табиғи құбылыс. Екі жылда бір рет қайталанып тұратын құбылыс Атлант мұхиты арқылы келетін толқынмен астасып жатыр. Теңізден 500 миль жоғары көтеріліп, тоқтаусыз толқын ұратын бұл сәтті жергілікті халық «Мәңгілік толқын» деп атап кеткен.
Су астындағы ғажайып
Жапонияның теңіз астында орын алатын бұл құбылысқа қарасаңыз адам қолымен әдейі істеп қойған секілді. Бірақ бұл адамның емес, фугу балығының жасаған ғажайыбы.
Тірі тастар
Бұл ғажайыпты Чили жерінен көре аласыздар. Жағалауға шығып қалған кәдімгі малта тастар судан шығып қалған тіршілік секілді ішек-қарыны ақтарылып жатқан тастар. Иә, бұл шынымен де тас.
Жасыл желекке оранатын шөл дала
Бұл да Чили жерінде орын алады. Жыл сайын жаңбыр мол түскен уақытта пайда болатын бұл құбылыс жұрттың назарын аударып отыр. Себебі жаңбыр жауса да, шөл қалпын сақтап қалатын дала секілді емес, бұл жерде алқап жасыл желекке оранады.
Мұз гүлдер
Арктикада болатын бұл таңғажайып құбылыс ауа мен мұхит арасындағы тұрақсыз температураның әсерінен пайда болады. Суретте көріп тұрғандарыңыздай гүл секілді пішінде кездеседі.
Көк түсті лава
Әдетте жанартаудан шығатын лавалар қып-қызыл болып келеді. Ал бұл ерекше құбылыс Индонезия жерінде қалыпты жағдай.