- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жер бетіндегі ерекше...
Жер бетіндегі ерекше мекендер
Фото:
innovativetravel
Жер бетінде көрікті мекендер өте көп. Оның кейбіріне адам аяғы әлі жетпеген болса, басқасында өркениеттен оқшауланған ежелгі тайпалар тұрады. Сондай сырлы 10 мекенді назарларыңызға ұсынамыз.
Аогасима (青ヶ島村Аогасима-мура) Филиппин аралындағы сөнген жанартау орнында орналасқан шағын ауыл. Жергілікті тұрғындар саны былтырғы санақ бойынша 175 адам.
2. Монемвасия
Бұрынғы Византия бекінісі, қазіргі Грекия ауылы. Бекіністің атауы гректің "мони эмбасия" (μόνη ἐμπασία) сөзінен алынған, "бір есік" дегенді білдіреді. Ауыл Эгей теңізінің жағалауында, аралдың оңтүстігінде орналасқан. Аралдағы жергілікті тұрғын 2011 жылғы халық санағы бойынша 19 адамды құраған.
3. Путгаль ғибатадханасы
Үндістанда орналасқан. Занкар ауданының үңгірлерінің біріне кіре берісте жартаста жасырылған. Зерттеушілер ғибадатхана ХІІ ғасырдың басында салынғанын, бірақ XIX ғасырға дейін жасырын қалғанын айтады.
4. Исорток
Гренландияның шығысындағы орналасқан таулы мекен. Ауылдағы баруға болатын ең көрікті жер бір ғана супермаркет. Онда барлық қажетті өнімдерді таба аласыз. Қар, мұзбен қоршалған бұл ауылда барлығы 64 адам тұрады.
5. Гасадалур, Дания
Бұл оқшауланған кішкентай ауылда тек 16 адам өмір сүреді. Ол Фарер аралдарының әдемі жағалауларының жоғары жартастарында орналасқан. 2004 жылы ауыл тұрғындарын өркениетпен байланыстыратын арнайы туннель салынды. Бірақ сіз осы туннельге кірмес бұрын 400 метр биіктіктегі құзға жаяу көтерілуіңіз керек.
6.Хуакачина, Перу.
Хуакачина құрғақ жерде орналасқан. Климатына қарамастан ағаштар, қонақ үйлер, дүкендер, тіпті оазис кітапхана бар. Бұл ауылдың 96 тұрғыны шағын бизнеспен айналысады.
7. Бандиагара жартасы
Бұл керемет мекенде Догон тайпасы тұрады. Үйлердің бәрі сазбалшықтан жасалған. Кешенде тұрғын үй ғимараттары, астық қоймалары мен ғибадатханалар бар.
8. Андредал, Норвегия
Дисней мультфильміндегі картинаға ұқсайтын мекенде 500 ешкі мен 100-ге жуық адам тұрады. Бұл орын оның қоңыр ешкі ірімшігі мен ғажайып ешкі шұжықтарымен танымал. 1998 жылға дейін осы елді мекенге тек қайықпен баруға болатын. Бүгінде ауылды сыртқы өркениетпен байланыстыратын жол бар.
9. Фурора, Италия.
Керемет ауыл Италияда орналасқан. Теңізден қарағанда байқау қиын болғандықтан қала әкімі үйлерді ашық түспен боятқан.
Керемет ауыл Италияда орналасқан. Теңізден қарағанда байқау қиын болғандықтан қала әкімі үйлерді ашық түспен боятқан.
10. Сапа, Вьетнам.
Сапа біздің ғаламшарымыздағы ең әдемі жерлердің бірі. Мұнда өз өнімдерін экспортқа жіберетін жергілікті тұрғындар күріш егумен айналысады.
Сапа біздің ғаламшарымыздағы ең әдемі жерлердің бірі. Мұнда өз өнімдерін экспортқа жіберетін жергілікті тұрғындар күріш егумен айналысады.