Аптап ыстық десе, бірден Сахара шөлі немесе Араб Әмірліктері келеді көз алдымызға. Бірақ өзге құрлық пен аймақтарда да адам төзгісіз жоғары температуралар тіркелген. Назарыңызға Жер бетіндегі ең ыстық аймақтарды ұсынамыз.
Даллол, ЭфиопияДаллол атырабына 1960-66 жылдары орташа 34,4°С тіркелген. Содан бері ауа температурасы үдеп келеді. Мұнда ыстық тек Күннен емес, Жер астынан да тарайды. Өйткені Даллол атырабы жанартауларға жақын орналасқан. Мұнда әйгілі Даллол жанартауы бар.
Тират-Цви, ИзраильТират-Цви – Бейт-Шеана алқабында орналасқан діни кибуц (Израильдегі кооперативтік ауыл шаруашылық кәсіпорын). 1942 жылдың 21 маусым күні мұнда Азия тарихындағы ең жоғары температура тіркелді – 53,9°С. Иордан өзені аймақты суландырып тұрғанына қарамастан, жазда күн сәулелері өңірді жандырып жібере жаздайды екен.
Кебили, ТунисКебили – Тунистегі шөлді оазис. Мұнда тұрғындардың әр күні ыстықтан қашумен өтеді. Жаздыгүні оазистегі ауа температурасы 55°С Эль-Джерид көлі болса, жаз келісімен құрғай бастайды екен.
Тимбуку, МалиҚаланың бай тарихы бар. Дегенмен бұл өлке біртіндеп шөлге айналып бара жатыр. Қала ішінде құмтөбелер пайда болып, көшелерді жел айдаған құмдар басып қалып жатыр. Бірақ қаланың басты проблемасы бұл емес, ыстық климат. Мұнда ауа температурасының максимал көрсеткіші 55°С-қа дейін жеткен.
Эль-Азизия, Ливия1922 жылдың 13 қыркүйегінде ливиялық Эль-Азизия қаласында көлеңкедегі ең жоғары температура (57,7°С) тіркелді. Бірақ бұл әлемдегі ең ыстық жер емес. Мұндағы жылдық орташа көрсеткіш бұл топтамадағы бірқатар аймақтан кішірек. Одан бөлек Әлемдік метеорологиялық ұйым Эль-Азизиядағы рекордты мойындамайды, себебі ондағы температураны өлшейтін құралдарға сенім жоқ. Бірақ метеорологиялық ұйым Өлім алқабында 1913 жылы 13 шілдеде тіркелген 56,7°С рекордты мойындайды.
Өлім алқабы, АҚШБұл Солтүстік Америкадағы ең ыстық әрі құрғақ жер. Оның қорқынышты атына қарамастан, мұнда тіршілік иелері бар – бұталардан бастап ұсақ кеміргіштерге дейін.
Деште-Лут, ИранРесми рекорд Өлім алқабына тиесілі болса да, жер бетіндегі ең жоғары температура 2005 жылы Деште-Лут шөлінде тіркеліті. Иранның оңтүстік-батысында орналасқан бұл шөлде темепратура 70,7°С-қа жеткен.