Жер бетіндегі ең тасбауыр мекен

Жер бетіндегі ең тасбауыр мекен

Эфиопиядағы Данакиль шөл жазығы және Данакиль ойысы планетамыздағы ең ыстық жер саналады. "National Geographic" журналы оған "Жер бетіндегі ең аяусыз жер" деп айдар таққан екен.

Афар халқының үйі саналатын ойыстағы тұрмыс-тіршілік Цельсий бойынша 35 градус ыстық (63 градусқа жетіп қалып жатады) температурамен біте қайнасып жатыр.

Теңіз деңгейінен 100 метр төмендікте орналасқан жер бедері қызыл тау жыныстары мен сұр жазықтар, тұз сорларынан тұрады.

Геологтар Қызыл теңіздің су тасып, мезгіл сайын мұнда келгенмен, артынша тұз сорына айналып кететінін айтады. Күн ыстығы су біткенді ұшырып жібермек.

Данакиль шөлінде тұз – қыруар қаржының көзі. Жергілікті экономиканың әл-ауқаты аталған минералдың сауда-саттығымен тығыз байланысты.

Саудагерлер тұз өнімін дәстүрлі тәсілмен түйе керуендері арқылы тасымалдайды. Ауыр да азапты жұмыстың қауіпті тұстары да баршылық. Мәселен, аймақта жер сілкінісі бола қалған жағдайда, жер қопсып, түйелерді жұтып жібере салуы мүмкін. 

Осы тұста бір жақсысы, ғалымдар 10 миллион жылдан соң бұл жердің қайта суға толатынына айғақтар келтіруде.

Cурет:www.businessinsider.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига