Адамзат ғасырлар бойы алтынды әлемдегі ең қымбат материал деп есептеп келді. Бірақ бұл қате пікір. Әлемдегі қымбат материалдар тізімінде алтын тіпті үштікке де кірмейді. 12. Шафран граммы 11 доллар тұрады. Бұл өз дәмі мен артықшылығына ие ерекше дәмдеуіш. Оны өндіру қиын, оның иісі, дәмі және пайдалы қасиеттері басқа да дәмдеуіштермен салыстырғанда теңдесі жоқ. 11. Алтын 1 грамы үшін 56 доллар төлейсіз. Әлемге әйгілі металл. Бұл дүниедегі барлықдерлік әйелде бар. Ерте заманда алтын сиыну тотемі болған. Әлемдегі ең көрікті заттар онымен салыстырылады. 10. Родий бір граммы 58 долларға бағаланады. Ақалтын тобындағы металл өте ерекше, жер қатпарының 1 тоннасында бар-жоғы 0,001 г родий бар. 9. Платина граммы 60 доллар. Күміс-полат түсіндегі металл. Бұл да алтын сияқты қышқылдар, сілтілер және басқа қосылыстарға төзімді. 10. Метамфетамин бір граммы 100 доллар. Амфетаминнен дайындалған ақ кристалдар заңмен тыйым салынған. 8. Каркидон мүйізі бір граммы 110 доллар. Медицинада түрлі дәрілер дайындауда өте жоғары сұранысқа ие. Пышақ, қылыштарға сап қоюда түрлі заттарды безендіруде пайдаланады. Каркидондар браконьерлердің заңсыз аулауынан жоғалып кету қаупі үстінде. 7. Плутоний бір граммы 4000 доллар тұрады. Күміс-ақ түсті жартылай қатты радиотехникалық металл. Ядролық қару, ядролық отын мен ядролық реакторларға арналған ғарыш аппараттары үшін энергия көзі ретінде пайдаланылады. 6. Паинит бір граммы 9000 доллар. Бұл тас өте ерекше, бүгінде ол туралы көпшілігі біле бермейді. Тоқ сары, қызғыш-қоңыр түсті металл осыдан 65 жыл бұрын ашылған. Бүгінгі күнде әлемде бірнеше жүз ғана кристаллдар кездеседі. 5. Тааффеит бір грамм үшін 20000 доллар, бір карат үшін 4000 доллар төлейсіз. Өте қымбат тас. Сирень, қызғылт, қызыл және тіпті түссіз болуы да мүмкін. Ол тіпті алмастардан да қымбат тас саналады, осы себепті аңызға айналған. Қымбаттылығы не басқа да себептермен зергерлік бұйымдарында аса көп қолданылмайды. 4. Тритий бір граммы 30 мың доллар. Бұл тасты айналасына әдемі нұр шашып тұруына байланысты нұр тарату мақсатында пайдаланады. 1 келі тритий өндіруге шамамен 30 миллион доллар жұмсалады. 3. Алмас бір граммы 55 мың доллар. Бұл тас туралы айтудың өзі артық шығар. Тарихта түрлі адамның көз құртына айналған алмас туралы алып-қашпа әңгімелер мен аңыздар таралған. 2. Калифорний граммы 25-27 миллион доллар. Ең қымбат элемент. 1950 жылы ашылғаннан бері бар-жоғы бір рет қана өндірілген. 1. Антиматерия бір граммы 62,5 триллион долларға бағаланған. Жердегі ең қымбат субстанция яғни үнемі қозғалып, өзгеріп, дамып тұратын материя. Мұқым әлемнің негізі. Оның миллиграмын өндіру үшін шамамен 25 миллион доллар жұмсалған. Болашақта антиматериядан ғарыш кемелеріне отын ретінде пайдалану жоспарланған. Бірақ, 1 грамм антиматерияны өндіру үшін әлем тоқтаусыз 1 жыл жұмыс істеуі керек.