Жер бетінен динозаворлардың жойылып кеткеніне миллион жыл өткеннен кейін алып жыландар келді. Олар осыдан 58-60 миллион жыл бұрын өмір сүрді. Солардың ең алыбы әрі жер бетіндегі ең үлкен ап жылан Титанобоа. Оның ұзындығы 15 метр, салмағы 1 тоннаға жеткен. Титанобоаның салмағы және оның ірі болуына сол кездегі өмір сүру климаты әсер етуі мүмкін. Себебі жылы әрі қолайлы ауа райы жыртқыш үшін жемтігін табуға ыңғайлы. Зерттеушілер осы қорытындыға келе отырып, Титанобоаның жемтігін талғамай жегенін және оның жер бетіндегі ең алып жыртқыш жылан екенін растап отыр. Суретте қазіргі қарапайым жылан мен Титанобоа жыланының омыртқасы Канада мен АҚШ зоологтары зерттеу жасап, ап жыланның ұзындығы 13-15 метр, салмағы 1 тонна екенін тағы бір дәлелдеді. Осы уақытқа дейін жылан ретінде анаконда мен питонжер бетіндегі ең алыпсаналып келген. Мәселен питонның ұзындығы 8,7 метр. Ал ең кішкене Leptotyphlops деп аталатын жыланның ұзындығы 10 см. 2012 жылы 22 наурыз күні ұзындығы 14 метр болатын Титанобоаның сүйектен жасалған макеті Нью-Йорктің Орталық вокзалында таныстырылды.