Жерде, Айда және Марста жер асты дүмпуі кезінде ондағы адам мен ғимараттардың ішінде не болатынын көргіңіз келе ме? Цюрих жоғары техникалық мектебінің ғалымдары үш ғарыш объектісіндегі тербеліс жиілігі жайлы деректерді компьютерге жүктеп, видео ретінде ұсынды.
Зерттеушілер компьютермен басқарылатын және әр түрлі жиілікте тербелетін арнайы бөлмеге кірген. Видеоның 0:56 минутында жер сілкінісі кезінде бөлмеде не болатыны көрсетілген. Жер асты дүмпуінің қуаты күшті болғанымен тез өтіп кетеді.
Видеоның 1:12 минутында Айдағы дүмпуді көруге болады. Симулятордан зерттеушілердің жүк көігінде келе жатқан күй кешеді. Айдағы жер асты сілкінісі бір сағаттан ұзақ болуы мүмкін.
Марстағы дүмпу – ең ұзағы әрі қуаттысы. Видеодан бөлменің қатты сілкінгенін, заттардың құлағанын көруге болады.