- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жел қатты соғатын...
Жел қатты соғатын қалалар
Нұр-Сұлтан қаласының жел мен боран деген де ассоциациясы бар. Арқаның желі жазда ыстық, қыста суық. Бірақ астананың желі кей әлем қалаларымен салыстырғанда түк емес. Әлемде желінің жылдамдығы 142 м/с жететін қалалар бар. Ал елорданікі 15-20 м/с дейін ғана жетеді.
Ендеше желі қатты әлем қалалары жайлы сөз қозғайық.
Бірінші орында Жаңа Зеландия астанасы Веллингтон қаласы. Жарты жылдық жел көрсеткішінің ең жоғарысы дәл осы қалада тіркелген. Елдімекен Кука бұғазының жанында орналасқан. Тынық мұхитынан соққан батыс желі қалаға маза бермейді. "Қырықыншы" ендік бойымен соғатын бұл желдің жылдамдығы өте жоғары. Өйткені Оңтүстік жарты шарда бұл желді тоқтататын тау мен тас, құрлық атаулы жоқ. Содан желдің жылдамдығы да үдей түседі.
Веллингтон қаласында 170 күн жел тұрады. Желдің орта жылдамдығы – 16 м/с. Бірақ қатты жел жергілікті тұрғындарға ұнайтын көрінеді. Желді күні жұрт серфинг теуіп, серферлер осы қалаға жиналады екен.
Екінші орында – Аргентинаның оңтүстігіндегі Рио-Гальегос қаласы. 100 мыңнан астам адам тұрады. Жан-жағын тау мен өзен қоршап жатқандықтан, желдің жылдамдығы аса қатты емес. Шамамен, 13 м/с. Бірақ жыл оны екі ай жел соғып тұрады. Электр сымы үнемі гуілдеп елдің есін шығаратын көрінеді.
Қаланың ауа-райы да құбылмалы. Шілдеде қыс, қаңтарда жаз келеді. Шілдеде ауа температурасы +2 градусқа көтеріліп, ал қаңтарда жаз кезінде температура +13 градустан аспайды. Өйткені тылдан соққан суық жел жылу бермейді.
Үшінші орында – Оклахома штатындағы Бридж-Крик қалашығы. Канзас қаласының жанында орналасқан. Негізі тыныш қалашық саналғанымен, наурыз бен маусым айлары мазасыз уақыт. Бүкіл Солтүстік Америка құрлығын аяғынан тік тұрғызатын торнадо тұратын кез. Ал Бридж-Крик қалашығы "Торнадоның саяжолы" атанған. Бұл қалашықта 1999 жылы әлемдегі ең қатты желдің жылдамдығы тіркелген – 142 м/с.
Қ. Слямбек