- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жеке экстрасенс: Неге...
Жеке экстрасенс: Неге Голливуд жұлдыздары көріпкелдерге барады?
Дженнифер Энистон, Деми Мур, Николь Кидман, сондай-ақ олардың Голливудта бірге жұмыс істейтін әріптестері кез келген мәселені тез шешу үшін көріпкелдерге жүгінеді. Жұлдыздар мұндай «мамандарды» интуиттер деп атауға дағдыланған. Интуитивтік кеңес беру XXI ғасырдың психотерапиясына айналды.
Дженнифер Энистон: «Мен бұл әйелге алғаш рет Брэд Питтпен бірге тұрған кезімде қоңырау шалдым», - дейді жұлдыз ең атақты интуит туралы. «Біздің сүйікті итіміз Норман із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Жұбайым Бред баяғыдан Лора Дэйге жүгінетінін және интуит оның мәселесін үнемі шешіп беріп жүретінін айтты. Біз де бардық. Бір жарым күннен кейін ит табылатынын білдім. Айтқанындай болды. Содан кейін Лаура менің өмірдегі жолсілтеушіме айналды. Мен одан интуициямды игеруді, позитив дүниелерге ғана назар аударуды және өз түйсігіме сенуді үйрене бастадым. Барлығында интуиция бар, бірақ көпшілігі оны қалай дамыту керегін білмейді. Ал мықты интуит интуицияны дамытуға және миыңызды дұрыс игеруге көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы өзіңізді табуға себепкер болады. Және бұл кез келген жаттығулардан немесе терапиядан жақсы жұмыс істейді»,- деді Энистон тағы бір сұхбатында.
Дженнифер Энистон АҚШ пен Еуропадағы «интуитивтік кеңес беру» деп аталатын ең сәнді мамандықтың жұлдызы және бірнеше бестселлердің авторы Лора Дэйді мадақтауға дайын жалғыз адам емес. Батыс елдерінде интуитивті кеңеске сұраныс қазір қарапайым психоаналитиктерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Интуиттер – бұл өмірлік жаттықтырушылар мен психотерапевтер. Мұндай мистикалық дүниеге әуестікті енді ешкім қараңғылық деп санамайтын болған. Десе де аталған мамандық иелерінің классикалық психологиялық білімі бар, олар өз жұмыстарында көбінесе Юнг психоанализіне архетиптер теориясын, еркін ассоциация әдісін, визуализацияны және армандарды түсіндіруді белсенді пайдаланады. Олар болашақты болжай алатындарына сенімді.
Брэд Питт сөздеріне толығымен сенетін жалғыз адам да осы Лора Дэй екен. Осы әйелге үнемі келіп тұратын Николь Кидман дағдарыстан шығудың ең жақсы жолын тапқан: «Бұл өзіңізді тереңірек зерттеуге және сіздің әлеуетіңізді бағалауға мүмкіндік береді». Ал Деми Мур Лораны жақын досым деп санайды, оған өмірдегі көптеген мәселелерді шешу бұрын әлдеқайда қиын болғанын мойындайды: «Ол маған өз күшіме сенуді үйренуге көмектесті. Ішімдегі қорқыныштан арылып, түйсігіме сендірді».
Интуиттерден кеңес алудан ақша аямайды: жеке клиенттермен телефон арқылы 45 минуттық кеңес бергені үшін Лора Дэй 500 доллардан алады, бірақ жалпы алғанда мұндай қызмет көрсетудің орташа бағасы $250-300 құрайды. Америкадағы жаңа бизнес тренд – интуиттерді корпоративтік жаттықтырушылар ретінде жалдау. Көптеген ірі компаниялар жақында қызметкерлерді «стратегиялық интуицияны» дамыту бағдарламаларына қатысуға мәжбүрлеген. Лора компанияларға кеңес бергені үшін айына 10 000 доллардан алады.
Әрине, ғылым әлемі мұның бәріне күмәнмен қарайды. «Интуиттер ақпарат оларға ғарыштан арналар арқылы келеді деп мәлімдейді. Шындығында, бұл адамдардың есте сақтау қабілеті мен зейіні жақсы дамыған. Сол арқылы болашақты болжағандай болады », - дейді Нью-Йорктегі Колумбия университетінің бизнес мектебінің профессоры, Ph.D. Уильям Дагган. Қалай болғанда да, барған сайын адамдар үшін интуиттерге бару сәнге айналып жатыр. Лора Дэй интуицияны дамыту бойынша семинарлармен бүкіл әлемді аралайды. Ол интуицияңызды өз бетіңізше жаттықтыруға үйретеді. Осы арқылы адам өз өмірін дұрыс басқара бастайды.
А. Оралқызы