Жасанды шаш жасаудың хас шеберлері

Жасанды шаш жасаудың хас шеберлері

Huli wigmen (жасанды шаш киетін хулилер) тайпасы Папуа - Жаңа Гвинеяның бірнеше елді мекенін қоныс етеді. Бет-беделдері ең жауыз батырларды өсіріп шығатын және бейнелі жасанды шаш жасаудың туабітті шеберлері ретінде қалыптасқан.

Алайда, хули ерлерінің жасанды шаш үлгілерін жасау дәстүрлері әлі күнге күңгірт күйінде қалып отыр. Зерттеушілер ұлыс өкілдерімен көріскен бетте-ақ осы бағытта зерттеуге кіріскен. Бір ғана ақиқаттылық,  тайпалар одағы бұл өлкені, яғни Папуа-Жаңа Гвинея жерін мыңжылдықтар бойына мекен етіп келе жатқандықтан, аталған шаш жасау дәстүрі ерте кезден қалыптасқан деуге негіз бар.

Ұл балалар жастары жиырмадан асқан соң, бойдақтар мектебіне аттанатын көрінеді. Ол жақта тәжірибелі, әккі ерлер тобы нағыз ер көріп-білуге тиіс барлық сынақтарды бастан кешіреді. Осы бір шырғалаңға толы емтихан уақыты 18 айға созылатын болып шықты. Өз кезегінде бұл аралықта әлгі жастардың дені көпшілігі жасанды шаш жасаудың хас шеберіне айналып үлгереді. Содан кейін дәстүр машақатын көрген жастарға үйге бастап барар жол ашық және одан бөлек те қоршаған ортаның сырына жақсылап қанығуы үшін қалып қалуларына да болады.

Жасанды шаш түзілімі бастағы шаштың алғашқы өсісі тұсынан басталады. Көп жағдайда шаш үлгілері кішкене табақша формалы болып келеді екен. Осы бір шаштардың басылып, не болмаса жарамсыз болып қалмауы үшін ерлер ұйықтар алдында ұқыптылық танытады. Олар жақсы жасанды шаш алып шығу үшін шаштарын жауырын астына қалдырмай, бос қояды. Дайын болғаннан кейін барып түбірінен кесіп алады. Жасанды шаш бастан босап шыққан аралықта тотықұстың қауырсындарымен сәндеп тастайды.

Ерлер бойдақтар мектебін екі-үш жасанды шаш жасап шыққаннан соң тастап кетеді. Келешекте келбеттерін арттыратын жасанды шаштарды той-мерекелерде, сырттан қонақ келгенде және жаппай тойлау күндерінде пайдаланады.  

Сурет:issuu.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига