Канар архипелагының құрамына кіретін Испанияның Пальма аралында бірнеше жер сілкінісінен кейін Кумбре-Вьеха жанартау жотасында атқылау басталды. Бұл вулкандар тізбегіндегі атқылау соңғы рет 1971 жылы тіркелген екен. Бұл туралы The Guardian хабарлады.
Өткен аптада мамандар ауданда 22 мыңнан астам жер сілкінісін тіркеді. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 болды. Испания билігі бес мыңнан астам адамды эвакуациялады. Жалпы саны он мыңға жуық адамды басқа жерге көшіру жоспарланып отыр.
Лава ағындары 700 м/сағ жылдамдықпен қозғалып, қазірдің өзінде адамдар мекендейтін аудандарға жеткен. Жолындағы 100-ге жуық үй қиратылған, сонымен қатар көптеген инфрақұрылымдық нысандар зақымдалған. Кратерден вулканның белсенді атқылауы әлі де жүріп жатыр.