Жапырақтан жеңіл тас

Жапырақтан жеңіл тас
Фото: img-fotki.yandex.ru

Қытайлық ғалымдар әлемдегі ең жеңіл материалды ойлап тапты. Оның салмағының аздығы соншалықты, тасты гүл жапырақтарының өзі оп-оңай көтеріп тұра алады.

Материалдың құрамында графен оксиді және лиофилизирленген көміртек бар.

Салмағы қанша дейсіз бе? Сізге өтірік болар, десе де оның салмағының 0, 16мг/см3 екендігін сенімді түрде айта аламыз.

Жаңадан ойлап табылған дүние әлемдегі ең жеңіл нәрсе ғана емес, қолдан жасалған ең жұқа материал ретінде қабылданды. Оның үйіндісін 1 миллиметрге жеткізу үшін графеннің 3 млн. жапырақшасы керек болады. 

Графен осыншама жеңілдігі мен жұқалығына қарамастан өте берік болып келеді. Полиэтилен қалташасының жұқалығындай жапырақша пілдің салмағын оп-оңай көтере алады. Графеннің құндылықтары мұнымен бітпейді. Материалдың иілгіштік қасиеті өте жоғары, яғни, оны ешқандай қиындықсыз 20%-ға дейін созуға мүмкіндік бар.

B. ZHAQSYMBET