Күншығыс елінде жыл сайын өткізілетін "Саппоро" фестивалі керемет мұзды мүсіндерімен жұртшылықты таңдандырады. Ақпан айында өткізілетін айтулы мерекеден ғимараттар мен жануарлар бейнесін де кездестіруге болады.
1950 жылдан бастау алған фестивальдің негізгі себепкері – мектеп оқушылары. Одори саябағындағы ең алғашқы алты мүсін жұртшылықты таңғалдырып, кейіннен дәстүрлі түрде өтетін мерекеге ұласқан. Жапониялықтар жасаған ғажап дүниені көруге жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді. Хоккайдо қаласында тек қыста пайда болатын аппақ мекен бірден көз тартады.
Мұнда суретке түсуден бөлек, сырғанауға да болады.