Күншығыс елі өзінің қызықтарымен таңғалдырудан жалығар емес. Бүгінгі күнге дейін Хоккайдо аралының Ками-Сиратаки станциясы жалғыз оқушы үшін жұмыс істеп келеді. Үш жыл бұрын жапон билігі көпке көмегі тимейтін темір жолды жабу туралы қаулы қабылдап, кейіннен Ками-Сиратакиден қатынап оқитын арудың бар екенін біліп сүрлеу жұмысын кейінге қалдырған. Оқушы қыздың сабақ бітуі мен сабаққа баруына байланыста мұнда пойыз вагондары күніне екі мезгіл ғана тоқтайды. Арнайы уақыт белгіленбегендіктен арудың сабақ кестесіне байланысты қойылған.
Аталған жағдайды естігендер жапондардың бұл ісіне ризашылықтарын жарыса жазып, адам өмірінің құндылығы сақталып қалғанын тілдеріне тиек етуде.