Жапонияның Хоккайдо аралындағы Ками-Сиратака бекеті жалғыз оқушы үшін жұмыс жасайды.
2013 жылы теміржол басшылығы Ками-Сиратака бекетінің қызметін тоқтатқан. Кейіннен бекетке жақын маңда тұратын оқушы қыздың мектепке бара алмай жүргенін ескеріп, бағыт жұмысын қайта қосқан. Бүгінде Ками-Сиратака бекетіне баратын жолаушылар поезді оқушы қыздың сабақ кестесіне байланысты қатынайды.
2016 жылдың наурыз айында оқушы қыз мектепті бітіреді екен. Одан кейін теміржол бекеті де өз қызметін тоқтатпақ.