- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жапонияда екі дана...
Жапонияда екі дана құрма 5000 АҚШ долларына сатылды
Фото:
搜狐
Естімеген елде көп. Жапонияда екі дана құрма 5000 АҚШ долларына сатылды. Ерекше сұрыпты "тэнкафубу" құрмасын өсіріп, дайындауға 11 жыл уақыт кеткен.
Бәссауда кезінде екі дана құрма 540 мың иенге (5 000 АҚШ доллары шамасы) бағаланған. Бұл жайында жұртшылыққа Жапония ауыл шаруашылығы қауымдастығының өкілі Ито Есиюки хабарлады.
- Өзім дәмін татып көрмедім. Жұрттың айтуы бойынша өте дәмді құрма. Жегенде қытырлап, жапон алмұрты секілді сезіледі. Содан соң құрамында қант мөлшері көп, - дейді Ито.
Құрмаларда қант мөлшері Брикс шкаласы бойынша 15-16 градус болса, бәссаудада сатылған екі дана құрманың тәттілік мөлшері 25 градусқа тең болған. Бір құрманың салмағы 300 граммды тартқан.
О. Сансызбай