Жапония туралы қызықты деректер

Жапония туралы қызықты деректер

Біз Жапонияны әлемдегі ең бір құпиясы ашылмаған мемлекет ретінде танимыз. Осыған сәйкес күншығыс елі  туралы сіз ести қоймаған қызықты деректерді ұсынамыз.

1. Жапония елінде жылқы етін шикілей жеу –  қарапайым нәрсе

Жапондықтардың басашиге немесе жылқының шикі етіне қарағанда қой, шошқа еттерінен ішек таяқшасын жұқтырып алу мүмкіндігі зор. Жылқы етінде протеин мен лино қышқылы көп, ал құнарлығы керісінше аз болады. 2013 жылы келтірілген статистика бойынша жапон халқының  орташа жасы ер кісілерде - 80,88, ал әйел адамдарда - 87,18 жас.

2. Жапония жерінде жылына шамамен 1500 мәрте жер сілкінісі болады

Жапония мемлекеті өте әсем болғанымен, аса қауіпті жерде орналасқан. Ұрлық-қарлық, тағы осы секілді қылмыс түрлері жөнінен қауіпсіз ел болып есептеледі. Алайда орналасқан аумағы  сейсмологиялық белсенді орта болғандықтан, табиғат апаты жиі болады.

Жапонияда жылына 1500 жер сілкінісі болады, әйткенмен, бақыттарына орай, олардың басым көпшілігі жай ғана жеңіл тербелістер. Дегенмен үкімет қирап-құлаған ғимараттарға жыл сайын миллиардтаған ақша бөліп, шығынға ұшырайды. 2011 жылы Тохоку деп аталған жер сілкінісі Жапония тарихындағы ең күштісі болып тіркелді. 1924 жылы Канто ауданында 7,9 балдық жер дүбірінің нәтижесінде 142 800 адам өмірімен қош айтысқан.

3. Жапония – сауда автомат машиналар елі

Жапонияда орташа есеппен бес жарым мың сауда автомат машинасы бар. Осы автоматтар арқылы майға қуырылған картоп, кәмпит, сусын секілді жеңіл тамақтар сатып алуға болады.

4. Жапондықтар үшін сорпа мен кеспе тамағын тамсанып жеу мен ұрттап ішу - қарапайым үрдіс.

Батыс елдерінде тамақты дауыс шығармай ішу жөн деп есептеледі. Ал күншығыста керісінше. Ол дегеніңіз, аспазшыға құрмет, яғни жеп отырған астың дәмділігін көрсету болып саналады.

5. Жапония отбасында барлық жанұя мүшелері ваннаға су ауыстырмай түседі

Жапония жұрты ваннаға шомылуды тек тазалықты сақтау деп емес, сонымен қоса тән және рухани дүниені демалдыру деп түсінеді. Жергілікті тұрғындар кешке жақын минералды тұздарды қосып, ыстық ваннаға түсуді әдетке айналдырған. Жанұяның барлық мүшесі суды ауыстырмай, сол қалпы түсе береді. Алдымен – әкесі, сосын - анасы т.с.с.

Олар ваннаны жуыну үшін емес, релаксация ретінде пайдаланады. Алдымен гигиена тәртібін сақтай отырып, жанындағы легенге жуынып-шайынып болғаннан кейін ғана ыстық суға түседі. Сондықтан, су өзінің таза күйін сақтайды.

Оқи отырыңыз:

Жапон халқының үйлену тойы

Жапония жүргізушісіз көлік жасап шықты

Жапон көліктері эмблемаларының мағыналары

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:tour.turmir.com

Н. Нұрмаханұлы