- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жапон халқының жан...
Жапон халқының жан тыныштығын сақтау тәсілдері
Жапондар аса еңбекқор халық екені мәлім. Олар тәулігіне он сағаттан көп жұмыс істейді. Мұндайда күйзеліске берілмей өмір сүру оңай емес. Бүгінгі видеода жапондар жан тыныштығын қалай сақтайтынын баяндаймыз.
Табиғатқа тамсану
Жыл мезгілінің әр сәтінен ләззат алу, табиғаттың тамашасына тамсану – жапондардың сүйікті ісі. Олар осылай демалады. Сакура гүлдегенде «Ханами» атты фестиваль өткізіп, гүлдің ләззатын толықтай сезінеді. Осы сұлулықты тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкіпірінен турист жиналады. Бұл жай ғана әсем жаратылыс емес, тұнған философия. Мәселе оның 7-10 күн ғана гүлдеп тұруында. Бұл уақыттың уысымызда тұрмай тез сырғып бара жатқанын көрсетеді. Сакураның гүлдеуі эстетикалық ләззат сыйлап қана қоймай, өтіп жатқан өмір туралы ойлап, дәл осы сәттен рахаттануға үйретеді.
Қолға массаж жасау
Шығыс медицинасына сүйенсек, әр саусақ мидың белгілі бір бөлігімен байланысты. Бұл әдісті жапондар да қолданады.
Бас бармақ мазасыздықты
Балан үйрек қорқынышты
Ортан терек ашуды
Шылдыр шүмек уайымды
Кішкене бөбек шаршауды басады.
Жануарлармен байланыс
Жапондардың жануарларға деген қарым-қатынасы ерекше. Бұл елде тіпті зоокафе бар. Жануарлардың адам денсаулығына оң әсер ететіні ғылыми тұрғыда дәлелдеген. Олар әсіресе жүйке жүйесіне қатысты ауруларды емдеуге көмектеседі.
Көңіл көтеру
Жапондар көпшілік ортада өзін ешкім көрмей тұрғандай сезініп, еркін ән салып, би билеуден қысылмайды. Осыны нағыз демалыс деуге болады. Уайымды ұмытып билесеңіз, не ән айтсаңыз миыңыз сергіп, жаман эмоцияның бәрінен ада боласыз.